Қарсылас шақ келтірмеді: Сәкен Бибосынов жартылай финалға жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарсылас шақ келтірмеді: Сәкен Бибосынов жартылай финалға жолдама алды

Қарсылас шақ келтірмеді: Сәкен Бибосынов жартылай финалға жолдама алды

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында колумбиялық боксшы Хуберхен Мартинес Риваспен қолғап түйістірді.

  • 3 Қараша 2021
  • 228
Фото - Caravan.kz

Үш раундтық жекпе-жек барысында отандасымыз қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Өз мәнерінде өнер көрсеткен Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Енді оның қоржынында кем дегенде қола медаль бар.

1/8 айналымда ол үндістандық Дипакпен кездесіп, жеңіске жеткен болатын. Ал алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовты ұтып, көршілерді бір шулатқан болатын.


Еске салсақ, Сәкен Бибосынов жартылай финалға өткен төртінші боксшымыз.