60 жастағы Джон Эйзенман бірінші деңгейдегі қылмыс үшін айыпталды. Қазіргі уақытта Вашингтондағы Спокан округінің абақтысына қамалды.
Детективтер анықтағандай, күдікті 19 жастағы жігітті пышақтап, көлік артына денесін тыққан.
Эйзенман оның кәмелетке толмаған қызы Сиэтлге сексуалды эксплуатацияға 1000 долларға сатылғанғанын білген. Марқұм Аарон Соренсонның бұзылған мәйіті өткен айда Спокандағы Шығыс Эверетт даңғылында тастанды көліктен табылды.
Полиция мәліметінше, 2020 жылдың қазанында Эйзенман қызының саудасына жігітінің қатысы бар екенін анықтаған. Ер адам қызын құтқарып, үйіне қайтарған.
Кейінірек ол жас жігітті аңдып, ұрлап әкетіп, байлап, көлік багажнигіне салған. Ол жігітті бірнеше рет басынан ұрып, өлтірген. Содан соң мәйіт салынған көлікті Спокан маңында қалдырып кеткен.
Көлік ауылды аймақта биылғы қазан айына дейін тұрған. Содан соң біреу оны Ист-Эверетт-авенюға апарып тастаған. Ресми өкілдер көліктің артында мәйіт болғанын ол адам білмегенін айтады. Мәйіт көлікті тексере бастағанда табылған. Көлікті тапөан Эмбер Хеллман мен оның жігіті көліктің сол жерде біраз уақыт тұрғанын айтқан.
Полиция Эйзенманның осыған дейін зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс жасамағанын анықтаған.