Президент жаңа ипотекалық бағдарлама енгізуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент жаңа ипотекалық бағдарлама енгізуді тапсырды

Президент жаңа ипотекалық бағдарлама енгізуді тапсырды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жаңа ипотекалық бағдарлама енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  • 4 Қараша 2021
  • 29
Фото - Caravan.kz

“Отбасы банкте" мұндай азаматтар үшін жеңілдетілген ипотека бағдарламасын қарастырған жөн. Бастапқы жарна – 10%, сыйақы мөлшерлемесі – 2-ден 5%-ке дейін. Үкімет әкімдіктермен бірлесіп аталған бастаманы жан-жақты пысықтауы қажет", — Тоқаев Екібастұзда моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте.

Президент мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында даму әлеуеті төмен моноқалалардан көшетін адамдарға жеке бөлім арнау керек деп санайды.

"Бұл азаматтарды перспективасы бар, дамыған, мамандарға мұқтаж қалаларға өз еркімен қоныс аударуға ынталандырады. Өнеркәсіптік моноқалалар тұрғындарының көбі білікті, сұранысқа ие жұмысшы және инженерлік мамандықтарда тәжірибесі бар екенін жақсы білеміз", — деді Тоқаев.

Президенттің пікірінше, ел ішінде де, моноқалалар ішінде де көші-қон процесін бақылауға алу өте маңызды. "Жекелеген моноқалалардың әлеуеті толық сарқылғанын күтіп, тек содан кейін ғана халықты қоныстандыру мәселесімен айналысуға болмайды", — деді ол.


Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаражаттың жұмсалуына сараптама жасайтынын айтқан болатын.