Жанармай құю бекеттерінде бензин жоқтығы туралы ақпарат тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанармай құю бекеттерінде бензин жоқтығы туралы ақпарат тарады

Жанармай құю бекеттерінде бензин жоқтығы туралы ақпарат тарады

Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желіде жанармай құю бекеттерінде бензин жоқтығы туралы ақпарат тарады. Осыған орай Энергетика министрлігі ресми түсініктеме берді.

  • 7 Қараша 2021
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы BAQ.KZ -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі тоқтаусыз жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қор көлемі халықтың бензинге қажеттілігін толық қамтамасыз етуге қауқарлы.

Министрліктің хабарлауынша, бензин тапшылығы болуына еш негіз жоқ.

Егер жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқтығын алға тартып, сатудан бас тартса, бұл туралы +7 777 999 52 18 телефон нөмірі бойынша WhatsApp-қа дереу хабарлауыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.


Энергетика министрлігінің мамандары алынған ақпаратты тексереді.

Нарықта жанар-жағармай материалдарының негізсіз өсуі және жасанды тапшылық туғызу фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданады.