Шенеуніктердің бюджет қаражатына қолшатыр сатып алуы жұрттың ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенеуніктердің бюджет қаражатына қолшатыр сатып алуы жұрттың ашуына тиді

Шенеуніктердің бюджет қаражатына қолшатыр сатып алуы жұрттың ашуына тиді

Ақтөбе облысы әкімдігінің қызметкерлері 50 қара қолшатыр сатып алғаны туралы хабар қазақстандықтарды қатты ашуландырды. Желі қолданушыларына шенеуніктердің оларды бюджет ақшасына сатып алып жатқаны ұнамады.

  • 9 Қараша 2021
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жаңалыққа облыс әкімдігінің басшылығы түсініктеме берді. Олар қолшатырларды ресми делегациялардың қажеттіліктері үшін тендер арқылы сатып алынғанын түсіндірді.

КТК телеарнасының хабарлауынша, алғашында қолшатыр сатып алуға жарты миллионға жуық теңге қарастырылған, бірақ жеңілдікпен олар шенеуніктерге 195 мың теңгеге түскен.

"Біз келген қонақтарды осы қолшатырлармен қарсы аламыз, жақында премьер-министр келді. Біз ауа райы қолайсыз болғандықтан осы қолшатырмен қарсы алдық. Олар тек ғимарат ішінде ғана жүрмейді. Түрлі нысандарға барады", — деді Мейрам Әуелбеков, Ақтөбе облысы әкімдігі аппараты басшысының міндетін атқарушы.

Жергілікті және іс-сапармен келген шенеуніктерге сатып алынған қолшатырлар 3 жылға есептелген, кейін олар жаңасына ауыстырылатыны айтылды.


Бұған дейін тараздық шенеуніктер 9 миллион теңгеге 10 батарея сатып алуды жоспарлаған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өтінішті толтыру кезінде қызметкердің қателік жібергенін түсіндірді.