Дәрігер нанды мүлде жемесе не болатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігер нанды мүлде жемесе не болатынын айтты

Дәрігер нанды мүлде жемесе не болатынын айтты

Эндокринолог наннан бас тартқан адамның ішегінде патогенді бактериялардың өсуі баяулайтынын атап өтті.

  • 11 Қараша 2021
  • 144
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Диетолог және эндокринолог Алена Барредо нанның бүкіл түрінен бас тартқан адамның ағзасында қандай өзгерістер болатынын айтты.

Маманның айтуынша, нан – көмірсу алмасуға теріс әсер етіп, инсулинорезистенттік шақыратын жылдам көмірсу.

"Мүлде нан жемейтін адамда инсулин мен глюкоза азайып, көмірсу мен липид алмасу қалпына келеді. Сондай-ақ триглицеридтер (майлар) мен жаман холестерин төмендейді. Ішекте патогенді бактериялар мен саңырауқұлақшалардың өсуі баяулайды", — деп мәлімдеді дәрігер.

Сондай-ақ Барредо кебек пен жасұнығы бар тұтас дәнді нан ең пайдалы өнім саналатынын айтты.