Балаларға да вакцинация құжаты беріле ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балаларға да вакцинация құжаты беріле ме?

Балаларға да вакцинация құжаты беріле ме?

Елімізде вакцинациядан өткен жасөспірімдерге де вакцинация құжаты берілетін болады.

  • 12 Қараша 2021
  • 105
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Вакцина алған соң жасөспірімдерге де вакцинация құжаты жасалады. Электрондық вакцинация құжатын «eGov mobile» мобильдік қосымшасынан жүктеп алуға болады. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация туралы QR-коды бар қағазға шығарылған анықтаманы тұрғылықты мекен-жай бойынша медициналық ұйымнан алу қажет, — деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Бүгін Нұр-Сұлтанға «Комирнати» (Pfizer) вакцинациясының алғашқы 35100 дозасы әкелінгені белгілі.


Вакцинациялау бірінші кезекте медициналық мекемелерде, одан кейін мектептер мен ЖОО-да жүргізіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін 63 мыңдай елордалық балаға вакцина салуға мүмкіндік бар екендігі туралы жазған болатынбыз.