Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ток-шоуында мәлім болды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Мектепте жүріп жүкті болған қыз Бағылан есімді таныс жігітпен қай жерде, қанша мәрте жыныстық қатынасқа түскенін тілшілерге көрсетіп берді.
Алғаш рет өзі оқып жатқан интернат ауласында жолыққан. Сөзіне қарағанада ғашықтар 3 мәрте мектеп-интернаттың айналасында, тіпті дәл камера астында рахатқа бөленген. Кейін төртінші рет карантин кезінде түнде далада жыныстық қатынасқа түсіпті. Ескі қора маңында түрегеп тұрып ләзаттқа бөленгенін жасырмай жайып салды.
Ал білім ордасының басшылары камера бірде істейді, бірде істемейді деп нақты жауап бере алмай отыр.
Ақыры жүкті болған оқушыны туған әкесі қарабет қылдың деп үйіне кіргізбей қойған. Ал төсекке тартқан жігіті қашып кеткен. Полиция істі ушықтырмай жылы жауып тастаған көрінеді. Барар жер, басар тауы қалмай қираған үйде тұрып жатқан Гүлизаны таяуда дағдарыс орталығының мамандары алып кетіпті.
Ал қызын қуып шыққан әкеге күдікті жігіттің туыстарынан 2 млн теңге алған деген жел сөз де тараған көрінеді. Күдікті жігіттің анасы болса жер телімін екі бала үшін бердік деп отыр. Кәмілет жасқа толмаған оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен жігітке қатысты істің неге қысқартылғаны да түсініксіз. Қысқасы шым-шытырық оқиғаның шешілмеген жұмбағы әлі көп.
Оқиғаның толық мән-жайы алдағы уақытта белгілі болады.