Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.
"Ол "X.O. CLUB" деп аталатын ойын-сауық мекемесін ашқан. Сол жерде электронды казино ұйымдастырып, 25 миллион теңге көлемінде пайда тапқан", — делінген ресми хабарламада.
Тінту кезінде заңсыз ойын қосымшалары жүктелген 46 компьютер тәркіленді. Сол арқылы ақша қабылданып, ұтыстар аударылып отырған.