Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Жазатайым оқиға 26 қарашада Талғар балабақшаларының бірінде болды. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.
Бүлдіршіннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде баланың тамағынан қатты пластмасс зат (шар) табылды. Соталды тергеп-тексеру ҚР ҚК 141-бабы 2-бөлігі (Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша жүріп жатыр. Тергеу бақылауға алынды", — деді облыстың Полиция департаменті өкілдері.