Семейде 12 көлік соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.28
  • 587.06
-8 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 12 көлік соқтығысты

Семейде 12 көлік соқтығысты

Семейдегі аспалы көпірде 12 бірдей көлік соқтығысып, салдарынан үш адам зардап шекті.

  • 5 Желтоқсан 2021
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Алтайньюс-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Семей қалалық ПБ таратқан мәліметіне сүйенсек, 17 қазан күні сағат шамамен 08:30 кезінде аспалы көпіріде тайғақ және тұманның салдарынан жол апаты болғын.

— 23 жастағы жүргізуші тізгіндеген Лада Грантта көлігі тайып көпірдің ортасындағы қоршауға соғылған. Оның артында келе жатқан автокөлік, соқтығысуды болдырмау үшін бірден тоқтап қалған уақытта оның артында келе жатқан көліктер тоқтап үлгермей қалған, — дейді ПБ баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауда.