Қазақстанда омикрон штамы анықталған жоқ - Цой - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда омикрон штамы анықталған жоқ - Цой

Қазақстанда омикрон штамы анықталған жоқ - Цой

 

  • 9 Желтоқсан 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда ПТР-скринингтен кейін омикрон-штамм анықталмағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты негізде коронавирус инфекциясы штамдарының айналымдағы нұсқаларына мониторинг жүргізіп жатыр. Мәселен, коронавирустың жаңа нұсқасы — омикрон штамының пайда болуын ескере отырып, Алматыда "омикрон" коронавирус штамының нұсқасына тән мутацияның болуына алдын ала ПТР-скрининг жүргізілді. "Омикрон" коронавирус штамы нұсқасының айналымы анықталған жоқ", — деді Цой Үкімет отырысында.

Министр Қазақстанның барлық өңірінде іріктелген оң сынамалар үлгілерінің толық геномдық жүйелілігі жалғасып жатқанын айтты.