«Silkway Alliance» өндірістік паркінде 8 жоба орналастырылған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Silkway Alliance» өндірістік паркінде 8 жоба орналастырылған

«Silkway Alliance» өндірістік паркінде 8 жоба орналастырылған

Бүгін Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриялық аймағының жанынан «Silkway Alliance» өндірістік паркі іске қосылды.

Бұл туралы Caravan.kz порталы Oinet.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

  • 12 Желтоқсан 2021
  • 21
Фото - Caravan.kz

Қала басшысын өндірістік парктің жұмысымен таныстырған қалалық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков жобаның бірінші кезеңінде 15 резидентті орналастыру жоспарланғанын, бүгінде 69 жұмыс орнын құрумен 8 жоба орналастырылғанын мәлім етті.

Жобаның екінші кезеңінің құрылысы 2022 жылы аяқталатын болады. «Іскер қала» бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Бағдарлама 3 бағыттан тұрады.

Бірінші бағыт — өндіріс саласы бойынша қалада тоқтап тұрған немесе бос тұрған ғимараттардың ішінде өндірістік парктер құру. Екінші бағыты – ауылшаруашылық кооперативін құру арқылы якорлы кәсіпорындарды тиісті өніммен қамтамасыз ету.

Үшінші бағыт – 1000 сауда нүктесі. Жалпы, осы «Іскер қала» бағдарламасының іске асырылуы арқылы 3 жылда 13,3 млрд.тг. инвестиция тартуға, 2,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға, 1 мыңнан астам жаңа кәсіпорындарды ашылуы межеленген. Нәтижесінде бюджетке жылына 103 млн.тг. салық түсуі күтілуде.