Вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар статистикасы жаңарды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар статистикасы жаңарды

Вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар статистикасы жаңарды

Республика бойынша стационарда жатқан 332 науқастың жағдайы ауыр, 85 пациент хәл үстінде жатыр.

  • 12 Желтоқсан 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Өткен тәулікте 554 адамнан коронавирус табылса, тағы жиырма адам індеттен көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте Қазақстанда 554 адамның коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 68,
  • Алматы қаласында – 38,
  • Шымкент қаласында – 12,
  • Ақмола облысында – 48,
  • Ақтөбе облысында — 3,
  • Алматы облысында — 23,
  • Атырау облысында — 4,
  • Шығыс Қазақстан облысында — 22,
  • Жамбыл облысында — 2,
  • Батыс Қазақстан облысында — 15,
  • Қарағанды облысында — 95,
  • Қостанай облысында — 70,
  • Қызылорда облысында — 4,
  • Маңғыстау облысында — 1,
  • Павлодар облысында — 69,
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 74,
  • Түркістан облысында — 6.

Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 979 484 адамға жетті.

Сонымен қатар өткен тәулікте коронавирустан 15 пациент, вирустық пневмониядан 5 науқас қайтыс болды. Жалпы республика бойынша коронавирустан 12 852 адам, ковидтік пневмониядан 5 184 адам көз жұмды.

12 желтоқсандағы мәлімет бойынша 21 211 адам коронавирус инфекциясынан (18 418 КВИ+ және 2 793 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 145 пациент стационарда, 17 066 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 332 адамның жағдайы ауыр,
  • 85 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 66 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.