Қазақстанның батысында 12 тонна мақта тиелген жүк көлігі жанып кетті – фото - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның батысында 12 тонна мақта тиелген жүк көлігі жанып кетті – фото

Қазақстанның батысында 12 тонна мақта тиелген жүк көлігі жанып кетті – фото

Атырау облысында тас жолда 12 тонна мақта тиелген жүк көлігі өртеніп кетті.

  • 12 Желтоқсан 2021
  • 15
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдай 10 желтоқсан 14.00 шамасында Атырау-Маңғыстау республикалық автожолында, Құлсары қаласынан 80 шақырым жерде болды.

© PHOTO : MGOROD.KZ

Қазақстанның тас жолында он екі тонна мақта тиелген жүк көлігі өртенді

Тас жолда 12 тонна мақта тиелген үлкен жүк көлігі жанып кетті. DAF маркалы фура Тәжікстаннан Түркияға бара жатқан.

© PHOTO : MGOROD.KZ


Қазақстанның тас жолында он екі тонна мақта тиелген жүк көлігі өртенді

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 15:54-те ауыздықтады, деп хабарлайды "Мой город".

18:45-те өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке не себеп болғаны белгісіз. Оқиға орнынан түсірілген суреттерге қарасақ, тіркеме мен оның ішіндегі жүктен түк қалмаған.