“36 жастағы ер адам Мақат ауданы Доссор ауылындағы айналма жолдың ортасында тұрған субұрқақты сындырып кетеді. Кейін денесі қанап, полицияны көргенде қаша жөнелген. Полиция қызметкерлерін көріп, мектеп-интернатының шарбағына қашып кірген оны сол жерде ұстап алған, – деді Атырау облысы полиция департаментінде.
"Полицейлерді көріп, ол жасырынуға тырысып, мектеп-интернаттың ауласына жүгірді, сол жерде ұсталды", – деді департаментте.
"Қараңдар, маньяк! Оның қолында ағаш бар", – деп қорыққан оқушылар мектептің терезесінен оны видеоға түсірді.
Ер азаматтың екінші топтағы мүгедек екендігі анықталды, бірақ мас болды ма әлде психикалық ауытқушылық орын алды ма, нақты айтылған жоқ.