Ол қаланың Алмагүл шағын ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінен секіріп, суицид жасаған.
Марқұм бойжеткен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және құқық факультетінің 3-курс студенті болған. Университет өз кезегінде студент жақсы оқығанын, белсенді болғанын, қоғамдық шараларға қатысып жүргенін хабарлады.
Белгілі болғандай, бір ай бұрын қыз өзін-өзі өлтіруге тырысқан. Ол кезде қыз ғимараттардың бірінің жоғарғы қабатынан секіруді көздеген. Бірақ ол кезде күзетші байқап қалып, аман алып қалған.