Қарағанды тұрғыны "көріпкелге" 12 миллион теңгесін аударып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды тұрғыны "көріпкелге" 12 миллион теңгесін аударып жіберген

Қарағанды тұрғыны "көріпкелге" 12 миллион теңгесін аударып жіберген


Қарағанды тұрғыны белгісіз біреуге 12 миллион теңгесін аударып, алданып қалды, деп хабарлады Caravan.kz порталы Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.

  • 14 Желтоқсан 2021
  • 32
Фото - Caravan.kz

7 желтоқсанда Қарағанды ​​қаласының Киров аудандық полиция бөліміне 41 жастағы тұрғын арызданған. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде белгісіз бір адам жариялаған "Тегін болжау" деген жарнаманы көзі шалған. Хат алмасу барысында алаяқ жәбірленушінің сеніміне кіріп, түрлі сылтаумен адастырған.

Осылайша арызданушы онлайн аударымдар арқылы белгісіз біреуге шамдар мен ғұрыптық керек-жарақтарды сатып алу үшін жалпы сомасы 12 миллион 266 мың теңге аударған. Бірақ тапсырыс орындалмамаған. Алданып қалғанын түсінген әйел полицияға жүгінді.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 10 желтоқсанда "көріпкелді" анықтап, ұстады. Ол 23 жастағы жас жігіт болып шықты.


Күдікті қылмысын мойындады. Айғақ заттар алынды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полицейлер ұсталған жігіттің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.