Тойда шұлғын шешіп, қыздарға иіскеткен жігіттің ерсі қылығы елдің ашуын келтірді (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тойда шұлғын шешіп, қыздарға иіскеткен жігіттің ерсі қылығы елдің ашуын келтірді (ВИДЕО)

Тойда шұлғын шешіп, қыздарға иіскеткен жігіттің ерсі қылығы елдің ашуын келтірді (ВИДЕО)

Әлдебір тойда аяқ киімін шешіп, шуаштың иісіне құлай билеген жігіттің әрекеті жұрттың ашуына тиді.

  • 14 Желтоқсан 2021
  • 254
Фото - Caravan.kz

Оның бұндай ерсі қылығын көпішілк сынға алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Ер жігіттің есерсоқ әрекеті Facebook-те жарияланды. Онда жігіт ағасы ортада билеп жүріп аяқ киімін шешсе, артынан оны иіскеп көріп құлап түседі. Мұнан кейін жерде шыр айналып, өзге қылық көрсетеді. Тіпті видеода шұлығына дейін шешіп, құшарлана иіскеп тұрғанын көруге де болды. Ол ол ма аяқ-киімі мен шұлығын қасындағы өзге келіншектерге иіскетпек болған әрекеті де бар.

Желі қолданушылары оның бұл ісіне наразы болды.


"Елді күлдірем деп өзі күлкіге қалды-ау", "Түу, жігіт атына кір келтірдің ғой", "Арақ әбден ақылдан адастырды", "Не деген масқара, намыссыз жігіт", деген пікірлер жазылды. 

https://aitube.page.link/FDDU