Танымал адамдар қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап жатыр (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал адамдар қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап жатыр (видео)

Танымал адамдар қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап жатыр (видео)

Мәдениет және спорт қайраткерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, әлеуметтік желіде жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

  • 16 Желтоқсан 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған видеоны IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жариялады.

"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын!", — деп жазды GGG.

 

Дәстүрлі әнші, домбырашы, музыкалық педагог, профессор Айгүл Қосанова да құттықтау жариялады.

 

"Адамзат үшін ең қасиетті де құнды мереке — Тәуелсіздік мерекесі. Биыл мемлекетіміз егемендіктің 30 жылдығын атап өтуде. Осы ұлы мереке баршамызға құтты болсын! Халқыма амандық тілеймін", — деп жазды ол.

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева да қазақстандықтарды мерекемен құттықтауға асыққандардың бірі болды.

"Тəуелсіздік тəңірден келген тəтті сый, деп бала Жамбыл ақын айтпақшы, мереке құтты болсын, қазақ елі!", — деді әнші.

Айқын Төлепберген де қазақстандықтарды құттықтап, видео жариялады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Бұған дейін Тәуелсіздік күнімен белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевалар және әнші Досымжан Таңатаров құттықтаған болатын.