Амантай қажы мерекеге жаңа образбен шықты (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Амантай қажы мерекеге жаңа образбен шықты (видео)

Амантай қажы мерекеге жаңа образбен шықты (видео)

“Аттан, Қазақстан!” қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбек Алматыдағы тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған шараға ерекше бас киім киіп келді. Оның айтуынша, қалпақты оған Меккеде жүргенде сыйға тартыпты.

  • 16 Желтоқсан 2021
  • 44
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ол түрлі тастармен көмкерілген қызыл қалпақтың тарихын айтты.

Соңғы кездері көп көрінбей кеткен Амантай қажы тәуелсіздік күнінде ерекше бас киімімен көзге түсті. Аса таяғын тастамайтын, үнемі ақ шапанмен жүретін қоғам белсендісі бұл жолы бас киімін өзгертіпті.

Түрлі тастармен, оюлармен көмкерілген қызыл қалпақты оған қажылықта жүргенде сириялықтар тарту етіпті. Оның айтуынша, бұл қалпақты анау-мынау емес Сирияның патшалары мен шаһтары киген екен.

Бұл бас киімді маған Меккеде берді. Сирияның шаһтары киген қалпақ. Шапаны үйде жатыр, — дейді Амантай қажы.


 

Перейти к новостям спорта