Димаш Құдайберген"Бірлігіміз бекем болсын": Димаш Құдайберген бейнеүндеу жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген"Бірлігіміз бекем болсын": Димаш Құдайберген бейнеүндеу жолдады

Димаш Құдайберген"Бірлігіміз бекем болсын": Димаш Құдайберген бейнеүндеу жолдады

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген отандастарын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ол қазақстандықтарға ел дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбегіне табыс, барлық бастамасына сәттілік тіледі.

  • 16 Желтоқсан 2021
  • 559
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Құрметті отандастар! Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз ел болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Рухы биік, намысы берік ұлтымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, халқымыздың татулығын сақтау – біздің басты мұратымыз. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні баршаңызға игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс, несібе тілеймін", — деді жас әнші бейнеүндеуінде.

Ол қазақстандықтарға ел дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбегіне табыс, барлық бастамасына сәттілік тіледі.

"Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын, ағайын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! Ұлттық, мемлекеттік рухымыз асқақ болғай!", — деді Құдайберген.

Димаш Құдайберген – қазақстандық әнші, композитор және мультиинструменталист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.