“Елбасы медалі” бағдарламасының медаль иегерлерінің марапаттау рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Елбасы медалі” бағдарламасының медаль иегерлерінің марапаттау рәсімі өтті

“Елбасы медалі” бағдарламасының медаль иегерлерінің марапаттау рәсімі өтті

2021 жылғы 22 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаев қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің мекемесінде Алматы қаласы бойынша «Елбасы Медалі» бағдарламасына қатысып, медаль иегерлері атанған жастары марапатталды.

  • 24 Желтоқсан 2021
  • 42
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жалпы, марапатталғандар саны – 199 қатысушы. Олардың қатарында мектеп оқушылары, студент, кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар да бар.

Салтанатты марапаттау шарасы карантиндік талаптарды сақтай отырып, 2 лекпен, 10:30 және 15.30 уақыттарында өтті.

Аталған іс-шара аясында «Елбасы Медалі» жобасының белсенді жастарын, медаль иегерлерін Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Жылқыбаева Ляззат, Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары Рогов Игорь, Алматы қаласының Маслихат депутаттары Құдайберген Қайрат пен Есматов Серік, "Алматы дарыны" орталығының директоры Айтпаева Жанат, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының актері Әсет Иманғалиев марапаттады.
Сондай-ақ, шараның қадірлі қонағы болып Жансая Муратбекова келіп қайтты.