Батыс Қазақстан облысының әкімі жер сілкінісінен зардап шеккен Жамбыл тұрғындарына қол ұшын беруге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысының әкімі жер сілкінісінен зардап шеккен Жамбыл тұрғындарына қол ұшын беруге шақырды

Батыс Қазақстан облысының әкімі жер сілкінісінен зардап шеккен Жамбыл тұрғындарына қол ұшын беруге шақырды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихаттың өткен сенбідегі кезектен тыс мәслихатында облыс халқы, барлық меншік түріндегі кәсіпорын және ұйым басшыларын Жамбыл облысының жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарына қол ұшын беруге шақырып, осы мақсатқа бір күндік айлық жалақыларын аударуға үндеді.

  • 2 Маусым 2003
  • 410
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Луговая бекетіне Батыс Қазақстан облысынан азық-түлік тиелген екі вагон жөнелтілген. Сонымен бірге әскери 500 және модульдық 100 шатыр, 29 киіз үй мен 90 мың теңге жіберілді.

Қ.Көшербаевтың хабарлауынша, Оралдың құрылыс компаниялары Жамбыл облысының баспанасыз қалған тұрғындарына арнап қысқа мерзімде бірнеше ондаған тұрғын үй салып бермек.