Ақтөбеде студент жігітті несие рәсімдеуге мәжбүрлеген - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде студент жігітті несие рәсімдеуге мәжбүрлеген

Ақтөбеде студент жігітті несие рәсімдеуге мәжбүрлеген

Ақтөбеде 1 курс студенті 18 жастағы ауыл тұрғынын смартфон алу үшін несие ресімдеуге мәжбүрлеген. Күдіктінің бұған дейін де осыған ұқсас әрекеттер жасағаны белгілі болды. Бұл туралы жепргілікті полиция департаментінің баспаөз қызметі мәлімдеді.

  • 24 Желтоқсан 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл жайлы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

16 желтоқсан күні колледждің 1 курс студенті Мәртөк ауданының 18 жастағы тұрғынын құны 450 мың теңге тұратын смартфонды несиеге алуға мәжбүрлеген.

«Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ұсталған адамның есебінде осыған ұқсас 3-тен астам эпизод бар екені белгілі болды. Бұл іс бойынша ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, облыс аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», — делінген хабарламада.

Аталған баптың санкциясы бойынша студентке 12 мың АЕК көлеміндегі айыппұл, не 1000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.