"Қазақтелеком" Ашық Акционерлік Қоғамын жекешелендіру байланыс туралы заңға өзгеріс енгізгенде ғана мүмкін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтелеком" Ашық Акционерлік Қоғамын жекешелендіру байланыс туралы заңға өзгеріс енгізгенде ғана мүмкін болады

"Қазақтелеком" Ашық Акционерлік Қоғамын жекешелендіру байланыс туралы заңға өзгеріс енгізгенде ғана мүмкін болады

"Қазақтелеком" ААҚ-ын жекешелендіру 2006-жылы аяқталуы мүмкін, алайда бұл - байланыс туралы заңға өзгерту енгізу қарқынымен тікелей байланысты. Бұл туралы бүгін, 3-маусымда "КИТЕЛ 2003" көрмесі ресми ашылар алдында өткізілген Алматыдағы баспасөз мәслихатында ҚР көлік және коммуникация министрлігінің байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің төрағасы Асқар Есенғараев мәлімдеді.

  • 3 Маусым 2003
  • 1022
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Қазақтелекомды жекешелендіру Қазақстан Республикасындағы байланыс рыногін либерализациялау бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Ұлттық байланыс операторы акцияларының біраз бөлігін ғана сату жоспарланып отыр. Өйткені, Ұлттық байланыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету талабына сәйкес Қазақтелеком толық жекешелендірілмейді.

Көлік және коммуникация министрлігінің байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті төрағасының айтуынша,министрлік «Қазақтелеком» ААҚ-ын қайта құруды көздеп отырған жоқ. » Біз тек халықааралық және қалааралық байланысқа қойылған лицензиялық шектеуді алып тастағалы отырмыз. Әйтпегенде, барлық операторлардан траффикті Қазақтелеком арқылы өткізуді талап ету, ұлттық байланыс операторының транзиттік баға белгілеу жөніндегі эксклюзивті құқығы оған бедел әпермейді»,- деді А.Есенғараев.
Қазақтелекомның монополиялық құқығына нақты бір мысал ретінде комитет төрағасы мобильді байланыс операторлары K-mobile мен K-cell-дің бір жүйеден екіншісіне қоңырау шалғанда байланысқа «Қазақтелеком» ААҚ арқылы шығуын атады. Мұндай жағдай тек қызмет сапасына әсер етіп қана қоймай , екі ортада делдалдық қызмет пайда болып, бағаны да қымбаттата түсуде,-деді Есенғараев.
» Қазақтелеком» ААҚ-ын жекешелендіру үш сатылы жүзеге асырылады. 2003-жылы нормативтік-құқықтық база дайындалады. Ал байланыс туралы заңға өзгертулер енгізіліп, үйлестіру саласындағы тәртіп-ережелер қабылданғаннан кейін жекешелендірудің екінші сатысы басталады. Қазақтелекомның эксклюзивті құқығын алып тастау туралы үкімет қаулысы осыдан кейін шығады»,- дейді Асқар Есенғараев.
Сондай-ақ ол : «Қазақтелекомның эксклюзивті құқығын алып тастау процесі де екі сатылы жүргізілетін болады. 2004-жылы басталатын алғашқы сатыда бір деңгейдегі операторларды өзара қосу туралы интерконнект мәселесі шешіледі. Әр операторға өзіндік траффик пайдалануға рұқсат беріледі.»,-деп хабарлады.
Есенғараевтың пікірінше, «2005-жылдың соңы, 2005-жылдың басынан басталатын екінші сатыда жаңа байланыс инфрақұрылымы қалыптасып, нақты бәсекелестік пайда болғанда ғана монополия түбегейлі жойылмақ».