Каспийді игеру жөніндегі Қазақстан президенті қол қойған бағдарламаның тұсаукесері Канада немесе Лондонда өтеді- ҚР энергетика министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийді игеру жөніндегі Қазақстан президенті қол қойған бағдарламаның тұсаукесері Канада немесе Лондонда өтеді- ҚР энергетика министрі

Каспийді игеру жөніндегі Қазақстан президенті қол қойған бағдарламаның тұсаукесері Канада немесе Лондонда өтеді- ҚР энергетика министрі

Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі Қазақстан президенті осыдан бір апта бұрын қол қойған мемлекеттік бағдарламаның тұсаукесері таяу уақыттарда Канада немесе Лондонда өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник хабарлады.

  • 3 Маусым 2003
  • 419
Фото - Caravan.kz

Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның басты бағыты- 2015-жылы Қазақстанда мұнай өндіру мөлшерін жылына 150 миллион тоннаға жеткізу болып табылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекеттік бағдарламада Каспий шельфін дамыту 3 сатыға жоспарланған. 2005-жылға дейін есептелген алғашқы сатысында тендерлік құжаттарды дайындау, Каспий шельфіндегі құрылымдарды игерудің экономикалық, геологиялық және салықтық модельдерін жасау көзделіп отыр.
2005-2010-жылдар аралығындағы екінші сатысында тендерлік процедуралар өткізіліп, теңіздегі кен көздері игеріле бастайды.
Ал 2010-2015 -жылдарда шельфті зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасып, мұнайлы кеніштер игеріледі.