Монополист кәсіпорындар қолда бар актив базасына кіріс ставкасын анықтаудың жаңа әдістемесіне көшуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Монополист кәсіпорындар қолда бар актив базасына кіріс ставкасын анықтаудың жаңа әдістемесіне көшуге дайын

Монополист кәсіпорындар қолда бар актив базасына кіріс ставкасын анықтаудың жаңа әдістемесіне көшуге дайын

Монополист кәсіпорындар қолда бар тірі актив базасына кіріс ставкасын анықтау мен орта мерзімдік тарифтерді белгілеудің жаңа әдістемесіне көшуге дайын. Бұл туралы ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қолдау жөніндегі Агенттігі таратқан хабарламада айтылған.

  • 4 Маусым 2003
  • 694
Фото - Caravan.kz

Бүгінде монополист кәсіпорындар өздерінің инвестициялық бағдарламаларын агенттікпен келісуге жолдаған көрінеді. Сонымен бірге табиғи монополия субьектілері негізгі құрал-жабдықтардың құнын қайта есептеуге кіріскен.

Ал агенттік су шаруашылығы, құбыр жүйесі және энергетика саласына қызмет көрсетуші монополистердің техникалық және қаржылық іс-қызметіне сараптама жасайтын сарапшыларды сайлады.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, жаңа әдістемені қолдану — кәсіпорындарды өндірістік құрал-жабдығын жаңалауға ынталандырып, тарифтердің 3 жылдай мерзімге тұрақтануына жағдай жасамақ.
Бүгінде кәсіпорындар активі мен құрал-жабдығының жан-жақты тозу көрсеткіші 50 процентті құрау салдарынан нормативтен тысқары шығын көлемі 20-50 проценке жетіп отыр. Осындай ахуал баға қалыптастырудың жаңаша әдістемесіне көшуді талап етуде.
Актив базасына кіріс ставкасын анықтаудың жаңа әдістемесіне сәйкес, кіріс көлемі актив құнына тікелей байланысты болмақ. Бұл шын мәнінде кәсіпорындарды негізгі қорға инвестиция құюға ынталандыратын болады.
Кәсіпорындар кірісті ұлғайту үшін өнім өндіруге тікелей тартылмайтын өлі активке жұмсалатын шығындарды азайтуға талпынатыны сөзсіз.
Соның нәтижесінде кәсіпорындар энергия және қор үнемдеуге мүмкіндік беретін озық технологияларды енгізуге, негізгі қорды жаңалап отыруға ынталанбақ. Бұл дегеніңіз өз кезегінде тарифтің тұрақтануына жағдай жасайды.