Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкпе қабынуының беймәлім түріне диагноз қоюға арналған тест жасау қарқынының бәсеңдігіне алаңдаушылық танытты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкпе қабынуының беймәлім түріне диагноз қоюға арналған тест жасау қарқынының бәсеңдігіне алаңдаушылық танытты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкпе қабынуының беймәлім түріне диагноз қоюға арналған тест жасау қарқынының бәсеңдігіне алаңдаушылық танытты

Женевада өткен баспасөз мәслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары өкпе қабынуының беймәлім түріне диагноз қоюға арналған тест жасау қарқынының бәсеңдігіне алаңдаушылық танытты ,- деп хабарлайды БҰҰ-ның ресми сайты.

  • 4 Маусым 2003
  • 1232
Фото - Caravan.kz

Қытай өкіметінің індетті жаңадан жұқтырғандар санының шұғыл төмендегендігі туралы хабарламасы да Ұйым дәрігерлерінің көңіліне күдік ұялатып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары бұл ақпараттың шындыққа сай келмеу мүмкіндігіне қауіп білдіреді.
Қазіргі жағдаймен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайға 20 сарапшыдан тұратын арнайы топ жіберген көрінеді. Топ індетті жұқтырғандарды анықтаудың Қытайлық әдістемесімен көзбе-көз таныспақ.
Баспасөз мәслихатында сондай-ақ, таяуда ғана Тайвань аралынан оралған эпидемиолог-дәрігер Кэйти Рос есеп берді.
Оның айтуынша, тығырықтан шығудың басты жолы- ахуалды қалт жібермей бақылау арқылы індетті жұқтырғандарды жедел айқындау, ауруханалар мен медициналық қызметкерлерді індет жұқтырудан қорғауға барынша күш салу болмақ.