Конференцияға Швеция, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстандық психиатр ғалымдар мен Қазақстанның барлық облыстарынан келген психиатр және нарколог дәрігерлер қатысуда.
Бас қосудың мақсаты- әртүрлі психикалық және мінез-құлыққа қатысты сырқаттар , ішімдік пен есірткіге әуестік салдарынан пайда болатын психикалық ауытқулар проблемасын сарапқа салу.
Дәрігерлердің мәліметіне жүгінсек, бүгінде кеңінен таралған бұл дертке тұрғындардың 25 проценті шалдыққан. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің наркоманияға қатысты әлеуметтік -медициналық проблемалар жөніндегі Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Сағат Алтынбековтың айтуынша, «психикалық ауытқулар ересек тұрғындардың 10 процентінде кездеседі. Науқастардың 20 процентке жуығы бір немесе бірнеше түрлі психикалық ауытқу салдарынан зардап шегеді. Кез-келген әрбір төртінші отбасында кем дегенде бір адам психикалық ауытқушылыққа ұшырайды.»