Бұл туралы Алматы облыстық ІІБ баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.
Бірінші жол апаты Сары Өзек- Қорғас трассасының 52-ші шақырымында
болған. Жолдың қарсы бағыттағы бөлігіне шығып кеткен ЗИЛ-4503 автокөлігі ВАЗ-2103 маркалы жеңіл машинамен соқтығысып қалған.
Соның салдарынан «Жигули» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы, соның ішінде 10-12 жас шамасындағы екі ұл бала мерт болды. ЗИЛ жүргізушісі мен жеңіл көлікте келе жатқан 7 жасар қыз әртүрлі жарақатпен Сары Өзек ауруханасына жеткізілді.
Ал екінші жол апаты облыстың Талғар ауданында тіркелді. Талғар — Новоалексеевка бағытында келе жатқан «Мерседес» автокөлігі жолдың кері бағыттағы бөлігіне шығып кету салдарынан «Ауди-80» автокөлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан Ауди жүргізушісі мен 16-18 жастар шамасындағы екі жолаушы қыз оқиға орнында қаза тапты . Ал Аудиде келе жатқан тағы бір жүргінші мен «Мерседес» жүргізушісі әртүрлі жарақатпен Талғар аудандық ауруханасына жеткізілді.