Қарағанды облысы жер сілкінісінен зардап шеккен Жамбылдықтарға арнап 15 үй салып бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысы жер сілкінісінен зардап шеккен Жамбылдықтарға арнап 15 үй салып бермек

Қарағанды облысы жер сілкінісінен зардап шеккен Жамбылдықтарға арнап 15 үй салып бермек

Қарағанды облысы жер сілкінісінен зардап шеккен Жамбылдықтарға арнап 15 үй салып береді. Бұл туралы әкімшіліктегі жұмыс бабындағы жиында Қарағанды облысының әкімі Камалтин Мұхамеджанов хабарлады.

  • 5 Маусым 2003
  • 437
Фото - Caravan.kz

Жер сілкінісінен зардап шеккен аудан тұрғындарына үйлер салып беруге арналған қаржы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінеді, сондай-ақ, облыстағы ұйым-мекемелер күшімен де қаржы жинау қарастырылып отыр.

Осыған байланысты облыс әкімі өз қарамағында құрылыс бөлімшелері және кәсіби құрылысшы мамандары бар ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларына саналылық пен белсенділік танытып, өз жобалары мен ұсыныстарын ортаға салуды өтінді.
Әкім осы орайда жер сілкінісіне төтеп бере алатын ғимараттар салуға лицензиясы бар құрылыс мекемелеріне сенім артатынын жеткізді.
Сондай-ақ, Камалтин Мұхамеджанов жазғы маусымда Жамбыл облысындағы құрылыс жұмыстарына қатысатын студенттік құрылыс отрядтарын құруды ұсынды.
Жамбылдағы жер сілкінісінің зардаптарын жою жөніндегі Қарағанды облыстық штаб тұрғындар ұсынысын тәулік бойы қабылдауда.