ҚР білім және ғылым министрлігі дүниежүзінің, соның ішінде әсіресе ТМД елдерінің оқулық шығарушы маңдай алды баспагерлерімен ынтымақтастық орнатады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР білім және ғылым министрлігі дүниежүзінің, соның ішінде әсіресе ТМД елдерінің оқулық шығарушы маңдай алды баспагерлерімен ынтымақтастық орнатады

ҚР білім және ғылым министрлігі дүниежүзінің, соның ішінде әсіресе ТМД елдерінің оқулық шығарушы маңдай алды баспагерлерімен ынтымақтастық орнатады

ҚР білім және ғылым министрлігі дүниежүзінің, соның ішінде әсіресе ТМД елдерінің оқулық шығарушы маңдай алды баспагерлерімен ынтымақтастық орнатқалы отыр. Бұл туралы бүгін, 5-маусымда "Үшінші мыңжылдық оқулығы : оқулықты жазу, басу және тарату" деп аталатын III Халықаралық тәжірибелік конференцияда ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Нұралы Бектұрғанов хабарлады.

  • 5 Маусым 2003
  • 696
Фото - Caravan.kz

Н.Бектұрғановтың пікірінше, «Білім беру саласын гуманистік сипатқа көшіру мен демократияландыру — көп тұрпатты , көп функциялы жан-жақты оқулықтар шығаруды талап етеді».

Вице-министрдің айтуынша, бірқатар елдерде көптеген пәндер бойынша оқыту процесінде бір уақытта пайдаланылатын оқулықтар көп. Кейбір пәндер бойынша баламалы оқулықтар саны 5-тен асады. Осыған байланысты ҚР білім және ғылым министрлігі «өз таңдауына сәйкес білім алу» принципін ұстана отырып, қосымша және балаламалы оқулықтар шығарумен айналысатын авторлық ұжымдар, дербес авторлар, ғылыми ұйымдар мен баспагерлердің құқық аясын кеңейтуді көздеп отыр. Алайда мұндай оқулықтардың Қазақстандық мемлекеттік стандартқа сәйкестігі туралы талап бұлжытпай орындалады.
Вице-министрдің мәліметіне сүйенсек, бүгінде 1-6 сынып оқушылары жаңа дәуір оқулықтарымен толық қамтамасыз етілген. Келесі жаңа оқу жылынан бастап 7-сынып оқушылары заманауи оқулықтарға қол жеткізетін болады.
Ал 8-11 сыныптарға арналған жаңа дәуір оқулықтары қазір 77 тәжірибелік мектепте тексеруден өткізілуде.
Осы орайда Н.Бектұрғанов барлық жаңа дәуір оқулықтарының қазір қазақ, орыс, ұйғыр және өзбек тілдерінде бір уақытта жарияланып отырғанына ерекше назар аударды.