7152.kz сайтының жазуынша, шыршаны еденге арналған гирляндтармен және жұлдызшамен безендіріп қойған. Солтүстік қазақстандықтар мерекеге жасалған мұндай сыйлықты түсіне алмай, әлеуметтік желіде әзілге айналдырған.
"Бюджет қорынан 100 млн бөлінген болар", "Біз лайықты болған шырша осы", — деп жазған желі қолданушылары.
Кейін әкімдік бұл шыршаны кім орнатқанын түсіндіріп берді.
"2021 жылдың 29 желтоқсанында Ақжар ауданы Ленинградское ауылында балалар мен ауыл тұрғындарына мерекелік атмосфера жасау мақсатында қайырымдылық аясында жергілікті тауар өндірушілердің бастамашыл тобымен мына заттар орналастырылды: балалардың сырғанауына арналған орын "Аяз ата" шағын сәулет нысаны (ЖК "Ткаченко"), "Ақшақар" шағын сәулет нысаны (ЖК Жаңабай) және "Жаңа жылдық шырша" шағын сәулет нысаны (Диорит ЖШС), — деді Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі.
Сондай-ақ бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен мемлекет қаражаты бөлінбегені атап өтілген.