Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,39-3,29 процентке арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,39-3,29 процентке арзандады

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,39-3,29 процентке арзандады

5-маусымдағы сауда-саттық қорытындысы бойынша дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,39-3,29 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

  • 6 Маусым 2003
  • 423
Фото - Caravan.kz

Бейсенбі күні Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының шілделік фьючерсінің бағамы 2,39 процентке арзандап, әр барреліне 27,44 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының шілделік фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 3,29 процент арзандап, 30 доллар 81 центті құрады.