Брюс Джордждың айтуынша, президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде 7-8- маусымда Алматыда өтетін Трансазиялық парламенттік форумның күн тәртібіне енгізілген мәселелер өзара әңгімеге арқау болған.
Атап айтсақ, Орталық Азия аймағындағы терроризммен және экстремизммен күрес, аймақтағы қауіпсіздікті нығайту , Орталық Азия Республикаларының экономикалық даму мәселесі, Қазақстандағы демократияландыру процессін дамыту, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүшелікке өту барысында Қазақстанның жүктеп алған міндеттемелерінің орындалуы туралы мәселелер төңірегінде пікір алмасылған.
Тәуелсіздікке ие болған жылдарда Қазақстан азаматтық қоғам құру және елді демократияландыруда айтарлықтай табыстарға қол жетізді ,- деді Брюс Джордж.
«Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру барысында Республика кездестірген қиындықтар тек осы елге ғанан тән емес, ол баршаға ортақ.» ,-дей келіп ол Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы алдындағы міндеттемелерін орындау барысында Ұлыбританияның да өзіндік қиындықтарға душар болып отырғанын атап өтті.