Астанада Қазақстан , Ресей, Украина және Беларусь президенттерінің Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру туралы шешімдерін жүзеге асыру мәселесіне арналған халықаралық конференция өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада  Қазақстан , Ресей, Украина және Беларусь президенттерінің Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру туралы шешімдерін жүзеге асыру мәселесіне арналған халықаралық конференция өтуде

Астанада Қазақстан , Ресей, Украина және Беларусь президенттерінің Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру туралы шешімдерін жүзеге асыру мәселесіне арналған халықаралық конференция өтуде

Бүгін, 9-маусымда Астанада "Қазақстан , Ресей, Украина және Беларусь президенттерінің Ортақ Экономикалық Кеңістік қалыптастыру туралы шешімдерін жүзеге асыруда ЕврАзЭс пен Халықаралық Қалалар Ассамблеясына (ХҚА) мүше мемлекеттердің астаналары мен ірі қалаларының атқаратын міндеті" тақырыбында халықаралық конференция басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Маусым 2003
  • 526
Фото - Caravan.kz

Бас қосуға ХҚА-на мүше 30-дан астам қаланың әкімдері , Халықаралық Қалалар Ассамблеясына бақылаушы мәртебесінде қабылданған қалалардың басшылары мен Варшава, Гданьск, және Рига қалаларынан арнайы шақырылған қонақтар қатысуда.

Конференцияға қатысушылар төрт мемлекеттің өзара экономикалық интеграциялануында жетекші ролін атқаратын қалалардың маңызын жоғары бағалады. «Мемлекеттер өмірінде ірі саяси салмақ пен зор әлеуетке иелік ететін қалаларымыз өзара интеграциялану барысында маңызды роль атқаратыны даусыз»,- деді Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков.
Бас қосуда сөз сөйлеген ҚР вице-премьері, Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың жетекшісі Кәрім Мәсімовтың айтуынша, қазіргі басты нәтиже- Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру туралы толыққанды түсіністікке қол жетіп, келіссөз жұмыстарының пәрменді жүргізілуі болмақ.
Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру туралы концепцияға мемлекет басшылары алдағы қыркүйек айында қол қоюы тиіс.
Сонымен бірге, бүгінгі отырысқа қатысушылар біртұтас ақпараттық кеңістік құру туралы мәселені сарапқа салып, қалалардағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.
Қалалардың Халықаралық Ассамблеясының конференциясына қатысушылар бүгін ассамблеяға мүше қалалар мен астаналар басшыларына арнап мәлімдеме қабылдады.
Бұл мәлімдемеде «заң жобаларын өзара үйлестіру бағытында өзара мәмілелі экономикалық саясат жүргізуге , сауда-саттық және тариф жөніндегі мемлекетаралық тәуелсіз үйлестіруші комиссия құруға, біріккен инвестициялық және инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру негізінде экономикада құрылымдық өзгертулерді жүзеге асыруға жан-жақты ықпал жасау» туралы үндеу жарияланған.