Алматыда бренд киімдер дүкенін тонағандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бренд киімдер дүкенін тонағандар ұсталды

Алматыда бренд киімдер дүкенін тонағандар ұсталды

Алматы қаласы Алмалы ауданында киім-кешек пен аяқ киім сататын дүкенді тонап кеткен үш ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram парақшасында мәлімдеді

  • 19 Қаңтар 2022
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның түрлі облыстарының 39, 37 және 33 жастағы үш тұрғыны жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, Гагарин көшесінде орналасқан киім-кешек дүкенін тонаған.

Қылмыс болған сәтті куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Кадрда қарақшылардың бірі ұрланған заттарды көліктің жүксалғышына салып жатқанын көруге болады.

"Олар ұрланған киімдерді мөлшері мен маусымына қарай сұрыптап қойған. Олардың басқа да қылмыстарға қатысқаны анықталды, ол үшін де жаза қолданылады", — деді Алматы ПД бастығының орынбасары.
 

Алмалы аудандық ПБ тергеушілері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізеді.