Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге экстремистік ұйым мүшелері қатысты - мемлекеттік хатшы - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге экстремистік ұйым мүшелері қатысты - мемлекеттік хатшы

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге экстремистік ұйым мүшелері қатысты - мемлекеттік хатшы

Қазақстанның арнайы қызметтері елдегі тәртіпсіздіктерге радикал және экстремистік ұйым мүшелері қатысқанын анықтады. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы эфирінде мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап.

  • 19 Қаңтар 2022
  • 6
Фото - Caravan.kz

Қариннің айтуынша, 20 желтоқсанда бір мезгілде Қазақстан аумағына бір топ шетел азаматтарының келуі тіркелген, олар 7-8 қаңтарда түрлі бағытта елден шықпақ болған.

"Сонымен қатар, арнайы қызметтер еліміздің ішінде әрекет еткен бірқатар радикал және экстремистік ұйым мүшелері соңғы оқиғаларға қатысу дерегін анықтады", — деді мемлекеттік хатшы.

"Шетелдік террористік ұйымдардағы қазақстандық радикалдардың бұл оқиғаларды пайдаланып, жаңа шабуыл жасау әрекеті болды. Бұл әрекеттерді арнайы қызмет дер кезінде басып тастады", — деп қосты Қарин.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, республикадағы тәртіпсіздікті сот экстремистік деп таныған ұйымдардың бірі арандатқан.


"Сот таныған экстремистік ұйымдардың бірі осы шерулерді, тәртіпсіздіктерді, ашық түрде зорлық-зомбылық әрекеттерін, әкімшілік ғимараттарды басып алуды тудырды", — деді Қарин.