Б.Палымбетовтың айтуынша, облыста шағын және орта бизнес субьектілерінің саны біршама артып, өсім 158 процентті құраған.
2003-жылдың бірінші тоқсанында өндірілген өнім мөлшері өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 21 процентке , немесе 5 млрд. теңгеге артқан.
Әкімнің айтуынша, шағын бизнес сауда-саттықтан өндіріске қарай ден қойып, бюджетке қосылатын салық және басқа да төлемдер ауқымы 3 есе артты.
Кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды бір түрі болып табылатын қаржылық-несиелік мақсатқа , облыс әкімінің айтуынша, екінші деңгейдегі банктер 2001-жылы — 1,7 млрд. теңге, 2002-жылы — 3,4 млрд. теңге, ал үстіміздегі жылдың 1-тоқсанында — 1,5 млрд. теңге бөліпті.
Сонымен бірге, шағын бизнесті несиемен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 2001-жылы — 65 млн. теңге, 2002-жылы — 85 млн. теңге бөлінсе, 2003-жылы 100 млн. теңге бөлінбек. Соның нәтижесінде 2001-жылы 7 жоба, 2002-жылы 28 жоба қаржыландырылды, ал биыл қаржыландырылатын жобалар саны 2 есе артады деп күтілуде.
Бүгінде облыста шағын және орта бизнес саласына қызмет ететін 9 қоғамдық ұйым тіркелген. Жұмысының басты бағдары — кәсіпкерлердің өтініші мен шағымдарын қабылдау.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында тендер арқылы 3214 мемлекеттік сауда келісімі жасалса, олардың 1651-і шағын бизнес субьектілерінен сатып алынып, бұл мөлшер 52 процентті құрады.