Тасмағамбетовтың айтуынша, «ахуалдың осылайша өрбігеніне» президент өкініш білдірді.
Өз тарапынан елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды «өте жақсы» деп бағалаған үкімет басшысы «өздері тындырған істер үшін ұялуға негіз жоқ » деп мәлімдеді.
Өз болашағы туралы сөз қозғаған И.Тасмағамбетов біраз уақыт демалып, отбасымен бірге болатынын жеткізді. Осы орайда ол өзінің «президент командасындағы адам екенін, әрі бұдан ешқашан бас тартпайтынын, президенттің кез-келген ұсынысын ризашылықпн қабыл алатынын» атап көрсетті.
Ал оның мәжіліс сайлауына қатысу мүмкіндігі туралы журналистер сауалына И.Тасмағамбетов : «жұмыссыз қалсам да мәжіліс сайлауына атымды ұсынбаймын » ,- деп жауап берді.
Оның айтуынша бүгін «Елбасы Жер Кодексіне қатысты парламент палаталарының депутаттарымен жабық жағдайда кездесу өткізуде».
Үкімет басшысы «қазіргі таңда министрлер кабинеті өз міндетін атқаруды одан әрі жалғастыруда» ,- деп хабарлады.