Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.
"Тапсырмаға сәйкес, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің кредиті есептен шығарылады. Сондай-ақ, тәртіпсіздік кезінде қаза болған қарапайым азаматтардың кредиті де кешіріледі. Қазіргі таңда агенттік бұл бағытта жұмыс жүргзіп жатыр", — деді Терентьев брифингте.
Бұған дейін бірнеше банк елдегі бүлік кезінде көз жұмған әскерилер мен полицейлердің кредитін кешіретінін мәлімдеген еді.
Сондай-ақ, қаза болған полицейлер мен әскерилердің отбасына баспана беріледі. Бұған қоса, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен құқық қорғаушылардың балаларына білім гранты ұсынылады.