Өскемен автокөлік зауыты Шкода концернімен келіссөздер жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен автокөлік зауыты Шкода концернімен келіссөздер жүргізді

Өскемен автокөлік зауыты Шкода концернімен келіссөздер жүргізді

Шығыс Қазақстан облысының орталығында Чехияның автокөлік жасаушы "Шкода" концернінің басқарушысы мен Өскемендегі "Азия-Авто" автокөлік зауытының басшылығы келіссөздер жүргізді. Облыстық әкімшіліктен KZ-today тілшісіне хабарлауынша , жоба бойынша жылына 40 мың машина өндіруге мүмкіндігі бар "Азия-Авто" автокөлік зауыты бүгінде өз қуатының небәрі 25 процентін ғана әжетке жаратып отыр. Осыған байланысты Шығыс Қазақстанда қазіргі заманғы автокөлік жасап шығаруды мақсат тұтқан зауыт басшылығы әріптестер іздестіре бастаған.

  • 12 Маусым 2003
  • 1033
Фото - Caravan.kz

Бастапқы келіссөздер барысында «Шкода» концернінің ТМД және Азия жөніндегі басқарушысы Коларж Любош концерн автокөліктерін шығаруда «Азия-Авто» зауытының өндірістік желілерін пайдаланудың ешбір техникалық қиындығы жоқтығын атап көрсетті. Жобаны жүзеге асыру үшін саяси және экономикалық мәселелер шешілсе жетіп жатыр. Осы орайда Чехиялық басқарушы Қазақстан рыногінің болашағын жоғары бағалады.

«Азия-Авто» зауытының басшылығы өз тарапынан кәсіпорынға дүниежүзілік жетекші автокомпаниялардың озық технологияларын тартуға мүдделілік танытты.
Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі өкілдерінің пайымдауынша, Қазақстандағы тұңғыш автокөлік зауыты ірі кәсіпорын ретінде аяғынан тұрды деп санауға болады.
«Азия-Авто» конвейерлерінен ай сайын 480 млн. теңгенің өнімдері шығарылады. Зауытта 350 адам еңбек етеді. Осы маусым айында өндіріс желілерінде 1000-шы «Нива» құрастырылып, ол Астанаға тарту етілді.
Батыстық технологиялар қолданылған жағдайда кәсіпорын автокөлік өндіруде Орталық және Орта Азияда жетекші орындарға көтеріле алады.