Алаяқтар Құралай Анарбекованың атынан 900 мың теңге сұраған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алаяқтар Құралай Анарбекованың атынан 900 мың теңге сұраған

Алаяқтар Құралай Анарбекованың атынан 900 мың теңге сұраған

Желіде танымал адамның атын жамылып, елден ақша сұрайтын алаяқтар көбейген. Сондай алаяқтың арбауына актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова түсіп қалды.
Әлдебіреу оның атын жамылып, таныстарынан ақша сұраған. Сомма да аз емес. Миллион теңгеге жуық. Анарбекова құқық қорғау органдарына жүгініп, күдіктілерді анықтамақ, деп жазады Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  • 25 Қаңтар 2022
  • 131
Фото - Caravan.kz

"Сұмдық жағдай. Біреу менің фотомды пайдаланып, таныстарым мен достарыма хат жазып, қарызға ақша сұрауда. Бұл алаяқтар. Өтініш, алданып қалмаңыздаршы. Құқық қорғау органдарына жүгінуге ниеттімін. Бірақ дәл қазір барлығына ескертуім керек. Мен ешкімнен ақша сұрап жүрген жоқпын. Алаяқтардың өтінішін бұғаттаңыздар", — деп ескертті актриса желідегі парақшасында.

Оқырмандар алаяқтықтың бұл түрі кеңінен таралғанын атап өтті. Олардың арасында алданып үлгергендер де бар.



"Сізге де жетіпті ғой", "Менде дәл осындай жағдай болған, мен ақша жібердім", "Алаяқтар бәрін табады", "Сол баяғы схема, тіпті номерлері де ұқсас", "Қандай үлкен сомма, ешкім жіберіп үлгермеді деп үміттенемін", — деп жазды желі қолданушылары.