Елбасы Жер Кодексінің жобасына вето қойып парламентке кері қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Жер Кодексінің жобасына вето қойып парламентке кері қайтарды

Елбасы Жер Кодексінің жобасына вето қойып парламентке кері қайтарды

Елбасы Жер Кодексінің жобасына вето қойып парламентке кері қайтарды. Бұл туралы бүгін, 13-маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады.

  • 13 Маусым 2003
  • 576
Фото - Caravan.kz

Президент Иманғали Тасмағамбетов үкіметінің қызметтен кетуіне осы «Жер Кодексі, жер туралы» мәселе түрткі болғанын атап көрсетті. «Парламент пен үкімет арасындағы осы мәселеге қатысты барлық жұмыстар Ата Заңның аясында жүргізілгендіктен мен оған араласқан жоқпын»,- деді Елбасы. «Заң жобасының үкіметтік үлгісі алдыма келгенде ғана ахуалға араласу мүмкіндігіне ие болдым»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда президент өзінің бұдан екі күн бұрын мәжіліс және сенат депутаттарымен кездесіп, аталмыш мәселені ашық талқыға салғанын хабарлап, осындай пікір алмасу нәтижесінде өзара мәмілеге келгенін мәлімдеді. Президент өзінің субаренда мерзімін ұзарту туралы мәжіліс шешімімен келіскенін, ал жер учаскесінің ең жоғарғы мөлшері туралы мәселе атқарушы биліктің құзырына беріліп, ақырғы шешімді үкімет қабылдайтынын хабарлады. «Біз өзара пәтуаға келіп, Конституция аясында шешім қабылдауға келістік «,- деп атап көрсетті Елбасы.