Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Танымал жұлдызға айналып, атың аңыз болып қалу үшін жаныңды сайтанға сату керек пе?" Оқырманның бұл сауалына Мәдина:
"Мен аңыз адам емеспін. Бірақ нағыз әртіс болу үшін ешкімге ештеңе сатудың қажеті жоқ. Тек өмірді, музыканы, сахнаны, көрерменді сүю керек", — деп жауап берді.
Әнші күйеуіне тоқал алып беруге қатысты пікір білдірді.
"Сұрақтардың ішіндегі ең жәмән сұрақ. Аулақ, аулақ. Ондай пәле отбасымыздан аулақ болсын", — деп мәлімдеді ол.
нер иесі өмірінің соңына дейін күйеуімен бірге болатынын жеткізді.
Сондай-ақ, Сәдуақасова Түркиядан алған үйін сатып жібергенін хабарлады. Әнші Алматыдағы баспанасын да сатылымға шығарған.