Түркістан облысында ауруханадан өрт шығып, 57 адам эвакуацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында ауруханадан өрт шығып, 57 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында ауруханадан өрт шығып, 57 адам эвакуацияланды

Созақ аудандық ауруханасында шыққан өрттен 57 адам эвакуацияланды.

  • 28 Қаңтар 2022
  • 62
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін жергілікті уақыт 11 сағат 49 минутта Созақ аудандық өрт сөндіру бөлімінің жедел желісіне Шолаққорған ауылының Жібек жолы көшесінде орналасқан 2 қабатты ауруханада өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 13 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жедел өртті сөндіріп, адамдарды құтқаруға кіріскен. Нәтижесінде өрт сөндірушілер 57 адамды эвакуациялады.

«Өрт оқиғасы орнына №11 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде аурухананың №11 палатасында төсек-орын жабдықтары жанып жатты. Өрт сөндірушілер бірден адамдарды құтқаруға кірісті. Өрт сағат 12-02-де ауыздықталып, 12-10-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ» — дейді Шыңғыс Сүлейменов Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.