2003-жылдың алғашқы 5 айында еліміздегі көгілдір отын өндіру көлемі 20,8 процентке артты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың алғашқы 5 айында еліміздегі көгілдір отын өндіру көлемі 20,8 процентке артты

2003-жылдың алғашқы 5 айында еліміздегі көгілдір отын өндіру көлемі 20,8 процентке артты

2003-жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда газ өндіру көлемі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 20,8 процентке, соның ішінде табиғи көгілдір отын өндіру көлемі 15,5 процентке артты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Маусым 2003
  • 581
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес , «Теңізшевройл» және «Қарашығанақ Петролеум Опер.Ко» компаниялары көгілдір отын өндіру ауқымын едәуір арттырды.

2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында республика облыстары 2929,3 миллион текше метр табиғи газ тұтынды, бұл 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 118,7 процентті құрайды. 2003-жылдың 1-маусымындағы жағдаймен барлық жер асты қоймаларында 903,0 млн. текше метр табиғи көгілдір отын сақтаулы.
2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында республика көлемінде 435,8 мың тонна сұйытылған газ өндірілді, бұл өткен жылдың осы мерзімінен 115,5 процент артық.
Сондай-ақ, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мәліметі бойынша, Амангелді газ кенішін игеру жобаларын одан әрі дамыту жұмыстары жалғасуда. 2003-жылдың 6-маусымындағы ахуалмен, Амагелді- КС-5-Тараз бағытындағы 195 шақырымдық магистральды газ құбырын тартуға арналған құбыр өнімдері сатып алынды. №№103,106,113 ұңғымаларды пайдалануға беру мақсатындағы сынақ жұмыстары аяқталуға жақын. №110-шы ұңғымада 223812248 метр арақашықтықта перфорация жасалып, көгілдір отын ағымының жүргендігі туралы мәлімет алынды. №№101,111-ұңғымаларда бұрғылау қондырғыларын құрастыру жұмыстары атқарылуда.
Газды кешенді дайындау жабдықтарын орнату және инфрақұрылымдық 8 нысанды жайластыру мақсатындағы құрылыс жұмыстары жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мәліметі бойынша, Қызылорда облыстық жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесіп Оңтүстік Торғай газ кенішін кешенді утилизациялау шаралары атқарылуда. Ал Құмкөл кенішіндегі газ-турбиналық құрылғыны салу жұмыстары 85 процент жүзеге асырылды.