"Пафоспен аяқта": 3 сыныпқа арналған оқулықтағы сөз ата-аналардың ашуын тудырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Пафоспен аяқта": 3 сыныпқа арналған оқулықтағы сөз ата-аналардың ашуын тудырды

"Пафоспен аяқта": 3 сыныпқа арналған оқулықтағы сөз ата-аналардың ашуын тудырды

Блогер Тимур Бектұр 3 сыныпқа арналған ұлының оқулығындағы сөзді көріп таң қалып, Білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы барлық оқушылардың ата-аналарын жүйке ауруына шалдықтырғаны үшін компенсацияға төлеуі керек екенін айтты.

  • 2 Ақпан 2022
  • 50
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ұлдардың сабағына айда-жылда бір қарап қоятын әдетім бар.

Ол енді кәдімгідей церемония мен үшін.

Әуелі тамағымды ішіп, қарнымды жұбатып аламын.

Сосын көңіл-көтеретін бірер видео көріп не анекдот оқып, әбден жайдары кейіпке еніп аламын.

Содан кейін барып БҰҰ тарапынан жасалған отбасы зорлық-зомбылығына жол бермеу туралы брошюраларды оқып, 2-3 бала құқын қорғаушының лекциясын тыңдап аламын.

Осымен дайын боп қалдым-ау дегенде “Балаларға ересектердің қалдыратын психикалық травмасы” деген сияқты псевдосы бар, инстапсевдо, инфоцыган “психологтардың” лекцияларына “тойып аламын”.

Сосын барып өзім үшін өте жайлы креслоға, тыныш бөлмеге, күшті кейіпке енемін де бірінші 3 оқитын баламды шақырамын.

“Қайс, әкел. Қай сабақ бойынша сұрағың бар?” деймін Тереза Шешейдің өзі маған таң қаларлық мейірімділікпен елжіреген күйі.

Осы кезде балам “Әке, шынымен сұрап тұрсыз ба? Сенімдісіз бе өзіңізге?” деген үнсіз көзқараспен алдыма кітабын сырғыта береді…


Мен болсам тапсырмаға қараған бойдан 3 сағаттық арнайы қадамдардан өткен дзен қалпым әдірем қалып, шеке тамырым білеулене бастағанын сезе бастаймын да… мейірімділіктің ең соңғы тамшыларын “Оқымай-ақ қойшшшш…” деген сөзге жұмсап үлгерем.

Менің ойымша, ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы барлық оқушылардың ата-аналарын жүйке ауруына шалдықтырып, психикалық созылмалы ауруға жеткізгені үшін компенсация төлеуі керек", — деп жазды блогер.

Блогердің оқырмандары "Шынымен " пафос" деп жазылған ба? ", "Бес-алтыға барғанда "пафостың" көкесін көресің", "Пафоспен мақтауды үйреніп шықса, Қазақстан қоғамында өте қажет қасиет сол дейтін шығар", — деп пікірлерін білдірді.