Қазақстан Жапониядан мұнай өндіру және өңдеу саласындағы технологияларды алуға мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Жапониядан мұнай өндіру және өңдеу саласындағы технологияларды алуға мүдделі

Қазақстан Жапониядан мұнай өндіру және өңдеу саласындағы технологияларды алуға мүдделі

"Қазақстан мұнай өнімдерін дүниежүзілік рынокқа шығаруға мүдделі, осы орайда мемлекетімізге мұнай өндіру және өңдеу саласындағы технологиялары бар Жапония секілді экономикасы жоғары дамыған елдің көмегі ауадай қажет". Жапония парламенті өкілдер палатасының депутаты Йосиро Моридің айтуынша, бұл туралы Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 19-маусымда Астанадағы президент сарайында өткен кездесуде атап көрсеткен.

  • 19 Маусым 2003
  • 637
Фото - Caravan.kz

Й.Моридің журналистерге хабарлауынша, Қазақстан мемлекет басшысы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделілік таныта отырып, «Қазақстан мен Жапония арасында қосарланған салық салуға жол бермеу жөніндегі келісімге қол қою » туралы өтініш білдірді. Өз кезегінде Й.Мори ҚР президентінің бұл өтінішін Жапонияның мүдделі министрліктері мен мекемелеріне жеткізуге уәде берді.

Сондай-ақ, Й.Мори мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екі жақты кездесуінде Жапония экономикасының қазіргі ахуалы мен даму перспективасы талқыланды. Депутаттың айтуынша, қазір Жапонияның ірі компанияларында реструктуризациялау процессі жүргізіліп, соның арқасында табысты жұмыс істей бастаған, ендігі жерде провинциялардағы орта және шағын компаниялар да осындай шараны жүзеге асыруы тиіс. Й.Моридің айтуынша, жекелеген азаматтарының қолында орасан зор қаржы шоғырланған әрі әлемдегі ең озық технологияларды иемденіп отырған Жапонияның экономикалық болашағы зор.
Жапония парламентінің депутаты, осы елдің бұрынғы үкімет басшысы Йосиро Мори Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы Қазақстан Елбасының бастамаларын жоғары бағалады. Қазақстан өзінің Азия мен Еуропадағы ғана емес, сонымен бірге тұтас Халықаралық Қоғамдастықтағы маңызы мен беделін барған сайын нығайта түсуде деді ол.
ҚР сыртқы істер министрлігінің дерегіне сүйенсек, Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 2000-жылы 116 млн., 2001-жылы 161 млн. , 2002-жылы 184,7 млн. долларды құрады.